Картоп күйесі

Картоп – азық-түліктің ішіндегі екінші нан саналатын  ең басты тағамдардың бірі. ОЛ Республикамыздың барлық аудандарында өсірілетіндігіне қарамастан, оның бір бөлігі сырттан тасымалданып келеді. Осыдан ондаған  жылдар бұрын осындай импортталған картоп өнімімен бірге елімізге келген Колорадо қоңызы кеңінен таралып, картоп егістіктеріне үлкен зиян шектіріп келеді.

Картоп күйесі – карантиндік зиянкес, біздің елімізде осы уақытқа дейін тіркелген жоқ. Дегенмен шекаралас жатқан көрші елдердің барлығында – Ресей, Қытайда, Иранда бұл қауіпті зиянкес бар. «Екінші нан» біздің облысымызға Ресейден, Ираннан тасымалданады. Зиянкестің негізгі қоректенетін дақылы картоп, ол болмаған жағдайда алқа тұқымдастарының кез-келген(бұршақ, қызанақ, баклажан) түрлерін тұтынады.
Зиян әкелетін жұлдызқұрттардың түсі кірлеген ақшыл, қызғылт-ақшыл, кейде көкшілдеу, ал бастары қара-қоңыр болып келеді.
Қыстауға картоп күйесі  әртүрлі кезеңде жетуі мүмкін, бірақ  жұлдызқұрттардың ең үлкен 4 жастағылары және қуыршақтары ғана қыстап шыға алады. Олар өсімдік қалдықтарының астында, топырақта 5-7 сантиметр тереңдікте, қоймаларда және басқа қуыс қолтықтарда қыстап шығады.
Көктемде сәуір айында ауаның жылылығы +8 С градустан аса бастағанда ұшып шыққан көбелектер шағылысқаннан кейін өсімдік жапырақтарына 150-200 данаға дейін жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттардың даму ұзақтығы ауа температурасына байланысты, +17-24 С градуста 13-14 күнде, ал, +22-27 С градуста 11 күнде дамып қуыршақтануға кетеді. Осылайша жұмыртқадан екінші ұрпақтың көбелегі шығу аралығы 22-30 күнді құрайды.
Бастырма астында, ашық ауада, жылы жерде тұрған картоп күйемен зақымданған болса, 15-20 күн ішінде толығымен шіріп кетеді.
Картоп күйесі біздің елге әртүрлі жолмен кіріп кетпеуі үшін  карантиндік ережелер күшейтілуі тиіс. Бұл зиянкестің қай елдерде таралғаны жайында ақпараттарды біліп отыру өте маңызды. Картоп егілген егістік алқабына феромон ұстағыштар іліп, оларды карантиндік зертханаларға  алып келіп,  анықтаудан өткізіп отыру керек.
Алқа тұқымдастары (мәдени ж/е жабайы)   жапырақтарында жоғарыдағыдай тексеру жұмыстары жүргізілгенде зақымдану белгілері күдік туғызатын жұлдызқұрттар нышандары байқалса,  зертханаға апарып  тексертіп  алу міндетті.

Зина ҚожамқҰлова,
«Жамбыл аймақтық карантиндік
зертханасы» ММ бас энтомологы.

Comments are closed.

микро займ на карту