- Advertisement -

Кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша борыштық жүктемені төмендету

28

- Advertisement -

Кепілсіз берілген несиелер қандай әлеумет тік санат тағы адамдарға кешіріледі?

Гүлсанат ШЫМЫРОВА,
көп балалы ана, Шу ауданы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 26 маусымда №24 Жарлыққа қол қойды. Жарлықта келесідей негізгі бағыттар қамтылған. Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты, ол – екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде өтеу. Банктер мен микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық заемдар бойынша жалпы сомасы 33,6 миллиард теңгеге 1,2 миллион адамға айыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіруді жүзеге асырды.
Яғни көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға кешіріледі.

Евгений ШАРЫГИН,
ҚР Ұлттық банкі Жамбыл филиалының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support