Сылбырлық басым, кем-кетіктер де көп

«Жамбыл – адалдық алаңында» бұл жолы облыс аумағындағы жол жөндеу мәселелері қаралып, талқыланды. Осы салаға қатысы бар облыстық басқарма, қалалық бөлім және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» өкілдері қатысқан жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ашып, жүргізіп отырды.
– Бұған дейін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдарға және Тараз қаласындағы жоласты жөндеуден кейінгі жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жасаған болатын. Бүгін осы мақсатта біраз мәселелер талқыланады, – деді Равиль Қуанышбайұлы.
Бұдан кейін хабарлама жасаған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов облыс орталығында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымдардың жұмысына байланысты тұрғындар әлеуметтік желіде көптеген кереғар пікірлер жазып жатқандығын тілге тиек етіп, мониторингілеу ісін жүзеге асырған жұмыс тобының ескертпелеріне де тоқталып өтті.

Ерман Әбдиев

Comments are closed.