- Advertisement -

Ерен еңбектің еленгені жақсы

100

- Advertisement -

Төтенше оқиға орын алып, ел болып еңсерілген Арыс қаласындағы балалардың өңіріміздегі лагерьлердегі жазғы демалысы ойдағыдай ұйымдастырылғаны үшін Білім және ғылым министрлігінен облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің атына Алғыс хат келді. Алғыс хат арқылы министр Асхат Аймағамбетов Арыстағы оқыс оқиға салдарынан ел басына түскен ауыртпалықты жұмыла көтерісіп, балалардың демалысының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан аймақ басшысына ризашылығын жеткізген.
«Құрметті Асқар Исабекұлы! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Премьер-Министр А.Ұ.Маминнің ағымдағы жылғы 29 маусымдағы Түркістан облысы Арыс қаласындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар Арыс қаласындағы балалардың демалысын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы лагерьлерден – 4715, оның ішінде Жамбыл облысының әкімдігі 378 орын бөлді. Барлық балалар демалыс кезінде қажетті киімдермен және жеке гигиена заттарымен қамтамасыз етілді. Осыған орай министрлік балалардың қызықты және мазмұнды сауықтыру демалысын ұйымдастырғаны үшін Сізге шын жүректен алғыс білдіреді», – делінген хатта.
Сондай-ақ хатта өңірлердің сауықтыру лагерьлерінде демалған барлық балалар қазіргі таңда өз отбасыларына оралып, жаңа оқу жылын бастағаны айтылған.
Еске сала кетейік, Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендерге гуманитарлық-материалдық көмек беруден жамбылдықтар аянып қалған жоқ. Одан бөлек, қираған үйлердің өңірімізге бөлінген секторын жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарын зор жауапкершілікпен атқарып шықты. Сондай-ақ арыстық балаларды табиғат аясындағы лагерьлермен қамту шаралары да көрсетілген межеден артық орындалғанын айтуымыз керек. Облыс аумағындағы демалыс орындарында жаз маусымында Арыс қаласынан келген 500-ге тарта жеткіншек тынығып қайтты.

«Aq jol-Aqparat».

Облыс әкіміне министрден Алғыс хат келді

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support