Қаламгер марапаты

Жақында Алматы қаласында еліміздің білім, денсаулық, мәдениет, өнер, әдебиет пен журналистика саласы бойынша сіңірген еңбегі мен қолжеткен жетістіктері және қоғамдық өмірдегі белсендіктері үшін қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңестің шешімі бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен келген бір топ зиялы қауымды марапаттау рәсімі болып өтті.
Онда жазушы-режиссер, халықаралық «Түркі әлемі» телестудияның бас директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Доқтырхан Тұрлыбек «Ұлт қайраткері» төс белгісімен марапатталды.
Сондай-ақ белгілі қаламгер киелі жер – Маңғыстау облысының тарихын зерттеуге, тарихи тұлғаларын жан жақты насихаттаудағы шығармашылық жетістіктері үшін Маңғыстау облысының Құрмет грамотасына ие болды.

Еркін Жапасұлы.

Алматы.

Comments are closed.