- Advertisement -

Халің қалай, халық театры?

59

- Advertisement -

Бәсеке қалыптасқан жерде барлық сала дамиды. Сол бәсекелестік мәдениет саласына да серпін беретіні анық. Бәсекеге қабілетті болуы тиіс ұжымдардың қатарында халық театрлары да бар. Олардың бүгінгі жағдайы қандай? Бұл туралы Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында өткен аудандардағы «Халықтық» атағы бар театр режиссерларының кезекті жиынында сөз болды.
Басқосуды облыстық халық шығарамашылығы орталығы директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова сөз сөйлеп ашып, халық театрларының деңгейін көтеру өзекті мәселе екенін айта келіп, ауылдан келген режиссер мамандарды ашық әңгімеге шақырды.
Мұнан соң облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Нұралы Абдуллаев театрлар репертуарын саралайтын көркемдік кеңес керектігін сөз етсе, Қордай аудандық Мәдениет үйінің директоры Күміскүл Сәрсенбаева қойылымдардың сапасын арттыру қажеттігіне тоқталды. Күміскүл Сәрсенбаеваның айтуынша, қордайлықтар осы мақсатта бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып жатыр екен.
Тараздағы «Дулати жастары» театрының қоюшы режиссері Шолпан Айтибаева «Үздік режиссерлар мен мықты актерлер халық театрларына барып, шеберлік сағаттарын өткізсе, халық театрларының сайты болса» деп өткір мәселелерді орынды көтерді.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Мұрат Құсайынов Шу ауданына арнайы барып, «Шу қағаны» халық театрымен екі апта жұмыс істегенін, нәтижесінде Мар Байжиевтің «Қысылғаннан қыз болдым» қойылымын шулық көрермен назарына ұсынғанын, рөлдерде шулық төрт жас актер ойнағанын айтып өтті.
Бұл жиында ағымдағы және келесі жылы халық театрларының облыс аумағына гастрольдік сапарларын ұйымдастыру, ауданаралық тәжірибе алмасу, мерекелік күндерге орай іс-шаралар өткізу, халық театрлары ұжымдарында шеберлік сағаттарын ұйымдастыру, жергілікті ақын-жазушыларды автор ретінде тарту мәселелері қозғалды.
Халық театрлары ұжымдарының төрағасы, «Жуалы» театрының режиссері Ербол Бекжановтың жылдық есебі тыңдалып, пікірлер айтылды. Сондай-ақ халық театрлары ұжымдарының төрағасы болып, Тараздағы «Дулати жастары» театрының қоюшы режиссері Шолпан Айтибаева сайланды.

Е.Жаңабайұлы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support