- Advertisement -

Екі ауылға ауызсу желісі жеткізілді

51

- Advertisement -

Жуырда «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының сумен жабдықтау және су бұру жобасы аясында Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылына ауызсу жүйесі тартылып, іске қосылды. Бұл іс арыстандықтарды бір қуантып тастады. Пайдалануға берілген нысанның ашылуы рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты.
Ауызсу құбыры желісінің ұзындығы 5663 метрді, ал құрылысының жалпы жобалық құны 242 983,99 мың теңгені құрайды. Оның ішінде магистральды су құбыры – 3313, ал сервистік желі 2350 метр. Бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде таза ауыз су 100 метр тереңдіктен шығарылып, 3 ұңғыма іске қосылып отыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған.
Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын мердігерлік ұйым «Интеллект Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Серіктестік директоры Б.Жорабеков бүгінгі таңда мұндағы сыйымдылықтар орналастыру, су жинау имаратының сыртын қоршау, электр желісін тарту, трансформатор орнату жұмыстары аяқталып қалғанын айтады.
Жиында Бекболат Серікбекұлы ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Вали Ахмедовпен бірге жаңа нысанның лентасын қиды.
Бұл күні Қызылдиқан ауылында да тораптық су құбыры жүйесі пайдалануға берілді. Бұл нысанның жалпы жобалық құны 232 929,0 мың теңгені құрайды. Екі жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары осылайша өзінің мәресіне де жетті. Енді оның ел игілігін көрмек. Су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 5111 метрді құрайды. Мұнда да су 100 метр тереңдіктен шығарылып отыр екен.
Құрылыс жұмыстарын мердігер «IMPULSE-LTD» ЖШС жүргізген. Бұл ауылдағы жаңа пайдалануға берілген нысанның лентасын аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқұл Жылқыбаев қиды.
Қос ауылда да әжелер шашу шашып, құтты болсын айтысты.

Сарысу ауданы.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support