- Advertisement -

Жас мамандар ант қабылдады

106

- Advertisement -

Камила БОРАШОВА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы айқындалған бес міндеттің бірі – кәсіби мемлекеттік аппарат құру екені белгілі. Бұл – салмақты саясаттың, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды міндеттердің іс жүзіндегі көрінісі.
Мемлекеттік қызметті абыройлы міндеті санайтын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мақсат тұтқан әулиеаталық азаматтар Конститутция күні қарсаңында елге адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.
– Қоғамда мелекеттік қызметшілердің орны ерекше. Білім мен біліктілікті, үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл қызметтің жүгі ауыр. Себебі мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметші. Сондықтан да олар елдің мүддесін бірінші орынға қойып, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы тиіс. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы да тікелей мемлекеттік қызметтің сапалы ұйымдастырылуына байланысты болмақ. Ең басты міндет – халыққа адал қызмет ету керек, – деді Бекболат Орынбеков.
Мемлекеттік қызметке жаңадан аяқ басқан жастың бірі Мақсат Рахымбекұлы бұл қызметтің үлкен жауапкершілігін сезінетінін жеткізді. «Мұндай шаралар жас мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, өз міндетімізді дұрыс атқаруымыз керегін сезіндіреді. Өз елін, халқын құрметтеген мемлекеттік қызметшілері бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі келмел болады деп есептеймін», – деді ол.
Салтанатты шараға өңірде түрлі салада еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жұмысы жемісті мамандар мерекеге орай марапатталды.
Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support