- Advertisement -

«Тұтқындау керек»: Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты

51

- Advertisement -

Сарапшының пікірінше, рематчтың соңында GGG үстемдік танытқанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» берген

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек

Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» бергенін еске түсірді.

«Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар «Канело» қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген», — дейді Панахи.

Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

 

sptutniknews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support