- Advertisement -

Көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

32

- Advertisement -

Конституция күніне орай 15-ші шағын ауданда әрқайсысы 80 пәтерден тұратын көпқабатты 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген көп қабатты тұрғын үйлерден пәтер алғандардың дені көпбалалы аналар мен толық емес отбасынан шыққандар.

Осынау салтанатқа өңір басшысы Асқар Мырзахметов қатысып, жиналған жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort

—           Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты бағдарламалық мақаласында көтерген басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 миллиард теңгеге 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі», — деді өңір басышы өз сөзінде.

Бұл күні 720 пәтер пайдалануға берілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банкттің тиісті шешімін алғандар. Олар конституция күні жаңа пәтерлеріне кіріп, қоныс тойын тойлағалы отырғандар. Қалған пәтер иелері алдағы күндері «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары шеңберінде пәтер кілттерін алады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support