Жедел жәрдем көліктерін тапсырды

Жамбылдықтарға тағы бір тарту
Бүгін Тараз қаласында ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында жедел-жәрдем қызметінің жұмысын жеделдету арқылы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын арттыру мақсатында Жамбыл облысының емдеу ұйымдарына облыстық бюджет есебінен алынған 36 санитарлық автокөліктердің және қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 58 бірлік жаңа автобустардың кілттерін тапсыру рәсімі өтті.
Тапсыру салтанатына облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық және қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытындағы жұмыстардың жай-күйіне тоқталып, құттықтау тілегін білдірді.
Жамбыл облысында денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Облыста алғашқы санитариялық көмек ұйымдарына 95 нысанның қажеттілігі анықталып, оның 29-ы 2018 жылы пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы қалған 65 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Нәтижесінде алғашқы медициналық санитариялық ұйымдардың қажеттілігі 100% қамтылып, 4,2 млрд.теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туған.
Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы 74 % құраса, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 % артқан.
Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында 2018 жылы облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына 27 санитарлық автокөліктер берілсе, 2019 жылы облыстық бюджет есебінен бөлінген 322 млн. теңгеге 47 бірлік автокөлік сатып алынып, 36 бірлік ел игілігіне тапсырылды.
Сондай-ақ, денсаулық саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадрлардың тапшылығы тікелей әсер ететіні анық. Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрілігі жанындағы комиссиямен бірлесіп, жоғарғы медициналық оқу орнын бітірген 185 жас маманға облысқа жолдама беріліп, соның 33-і бүгінгі күнге жұмысқа орналасса, 152 жас маман алдағы мерзімде келеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, қоғамдық көлік тасымалы саласының әлеуметтік маңызы зор екендігін ескере отырып, қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
2018 жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15%-ға жаңа автобустармен жаңартылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 бірлік автобуспен немесе 21%-ға жаңартылмақ.
Соның ішінде, бүгінгі күнге 58 бірлік жаңа автобустар сатып алынды. Атап айтқанда, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС – 33 бірлік, «ТаразТрансМоторс» ЖШС – 15 бірлік және «СапарТранс 2012» ЖШС – 10 бірлік.
Жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көлік қызметін жандандыру бағытында қолға алынған ауқымды шаралар бүгінде өз нәтижесін беріп жатқаны көңіл қуантады. Сала қызметін түбегейлі жаңартуға бағытталған жұмыстар ең алдымен, көпшіліктің көңілінен шығуға деген бетбұрыс екені анық.
Атқарылып жатқан шаралар нәтижесінде, халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетіліп, жолаушылар тасымалдау сапасы артатындығы белгілі.

Comments are closed.