- Advertisement -

Жаңғырту жүйелі жүргізілуде

55

- Advertisement -

Үстіміздегі жылы мұнай және газ өнеркәсібінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін 1 қыркүйекте атап өтетін болады. «КазТрансГазАймақ» АҚ – Қазақстан Республикасында тұтынушыларға тауарлы газ жеткізіп беретін ірі компания. Акционерлік қоғам еліміздегі 8 миллионнан астам тұрғындарды және 46 мыңнан астам кәсіпорындарды тауарлы газбен үздіксіз қамтамасыз етеді. «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы 2007 жылы 2 ақпанда құрылған болатын. Мекеме облыс аумағына газ жеткізіп берумен қатар қызмет көрсетумен де шұғылданады. Облысымыздың аумағында газ құбыры 4780 шақырымда созылып жатыр. Оның 72 шақырымы сенімді басқаруға берілген. Бүгінгі таңда аймақтағы 10 ауданның 8-і көгілдір отын тұтынады. Әзірге мұндай игілікке Сарысу және Мойынқұм аудандарының тұрғындары қол жеткізе алмай келеді. Филиалдың қарамағында 106 газ реттегіш пункт, 1004 шкафтық газ рететуші пункт және 22745 жеке шкафтық пункт бар.
Бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыру нәтижесінде бүгінде облыс көлемінде 190301 пәтер және тұрғын үйлер, 314 өнеркәсіп кәсіпорындары және 5409 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар арзан әрі қолайлы отынмен қамтамасыз етіліп отыр. Жамбыл өңіріне газ құбырын тарту 1960 жылдардың басында қолға алынғаны белгілі. Осы мерзімде олардың дені тозып, бүлінді. Сондықтан да оларды жаңғырту осыдан он жыл бұрын қолға алынған болатын. Бүгінде филиал 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Тараз қаласында 2012 жылдан бері 895,66 шақырым газ құбыры ауыстырылды және 16545 жеке шкафтық пункт орнатылды. Мекеме 2019 жылдың ІІ-ші тоқсанынан бастап Тараз қаласындағы «Газ тарату жүйесін жаңғырту» инвестициялық жобасындағы іске қосу кешенінің 2-ші кезеңін бастады. Іске қосу кешені 4 нысаннан тұрады. Олар Тараз қаласының орталығын қамтиды.
2019 жылы инвестициялық бағдарламаға сәйкес шаһарда 37,36 шақырым газ құбырын тарту және 14 газ реттеу шкафтық пунктін орнату көзделген. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың қараша айында толық аяқталуы тиіс. Осы мерзімде 35,79 шақырым газ құбыры тартылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар жер астына орналастырылуда. Бұған қоса ұзақ уақыт пайдаланылатын материалдар қолданылуда. Үстіміздегі жылдың 7 айында облысымыздың аумағындағы тарату жүйесімен 310 миллион текше метр тауарлы газ тасымалданды. Бұл – белгіленген жоспардың 52 пайызы. «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Елбасының газ тұтыну тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар игілікті істі жүзеге асырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтынылатын 1000 текше метр көгілдір отынға тариф 6443, 38 теңгеге болып бекітілді. Бұрын тұрғындар 1000 текше метр газға 8552,60 теңге төлейтін.
Филиал ұжымы өндірістік шығындарды барынша азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолдарын үздіксіз іздестіруде. Салаға 2012 жылдан бері жаңа технологиялар енгізілуде. Газ тарату жүйелеріне полиэтилен құбырлар қолданылуда. Газ шығынын азайту мақсатында жаңа құрал-жабдықтар қолданысқа енгізілуде. Тұрғындарға уақыт талабына сай есептегіш құралдар орнатылуда. Тараз қаласында оның қысымын және шығынын анықтайтын «Турбодон» атты есептеу құралы пайдаланылуда. Үстіміздегің жылдың 1 қаңтарынан бастап бақытсыз жағдайларға жол бермеу және газ пайдаланудың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мекемеде елеулі жұмыстар қолға алынды. Кейінгі кезде біздің қызметкерлеріміз тұтынушылар арасында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізуде. Газ ұрлығын және басқа да жағымсыз жағдайлардың алын алу үшін төтенше жағдайлар департаментінің және өрт қызметі өкілдерімен бірге бірлескен рейдтер өткізілуде. Тұтынушылармен төлем жасаудың оңтайлы жолдары туралы да көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Компания алдында әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Белгіленген инвестициялық бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатын болады. «Газбен қамтамасыз ету және г«з саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жалғастырылады. Филиал өзінің қаржылық жағдайын дебиторлық қарызды азайту арқылы жақсартады. Газбен қамтамасыз ету және оны тасымалдау саласындағы баға саясаты және тарифті жетілдіруге белсене қатысады. Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болады.

Сәкен ИСМАЙЫЛОВ,

«КазТрансГазАймақ»
АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support