- Advertisement -

Мұғалімдердің апталық сағат жүктемесін рет теу қажет

81

- Advertisement -

Білім саласындағы шешімін күткен мәселелер көп. Тараз қаласының педагогтары осы түйткілдердің түйінін табу үшін бас қосты. Жаңа оқу жылын нақты жоспар, айқын мақсатпен бастауға бел буған мамандар ортақ тақырыпта ой бөлісіп, талқыға салды. Жиынға қала әкімі Қайрат Досаев, облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова қатысты.

Қала әкімі мұғалімдердің апталық сағат жүктемесін реттеуді, инклюзивті оқыту, мектептерге білімді мамандарды топтастыру мәселелерін қатаң бақылауға алу қажет дейді.

Өткен оқу жылында қала мектептерінің ұстаздары мен шәкірттері қол жеткізген жетістік көп. Жиында қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева өткен жылы саладағы атқарылған істерге тоқталып, жаңа оқу жылында күтілетін жаңалықтарды айтып өтті.
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort
– Қала мектептеріндегі мамандардың сапалық құрамы жылдан-жылға жақсарып келеді. Соңғы жылда 3,6 пайызға көтерілді. Педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа форматына сәйкес «Педагог-шебер», «Зерттеуші педагог», «Сарапшы педагог», «Модератор-педагог» санатын 468 мұғалім иеленді. Мұның барлығы – үлкен еңбек пен шығармашылықтың нәтижесі. Өткен оқу жылында педагогтардың сенбі күнгі жұмыс уақытына байланысты түсініспеушіліктер туындаған болатын. Бұл мәселе республикалық, облыстық Тамыз кеңестерінде де көтерілді. Сондықтан бес күндік оқыту жүйесіне көшу барысында мұғалімдер сенбі күнгі жұмыс уақытын өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы екенін ескеріп, мектеп басшылары алдағы оқу жылы педагогикалық, әдістемелік кеңес және басқа да ұйымдастыру іс-шараларын айына бір рет қоюды жоспарлауы тиіс, – деді Мүбарак Қасымқызы. Сондай-ақ бөлім басшысы бірыңғай мектеп формасы елімізде 2020-2021 оқу жылында бекітілетіндіктен, директорларға осы оқу жылында ауысып келген оқушылардың формасын өзгерту жөнінде талап қоймауды тапсырды.

Жиында еңбегінің жемісін көріп жүрген бір топ ұстаз марапатталды. Ал оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда үлкен жетістік пен жоғары нәтиже берген Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, №24 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия және №54 орта мектеп пен №32 орта мектеп басшыларына ноутбуктың сертификаттары табысталды.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА

Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support