- Advertisement -

Қараторғайларым, қайдасыңдар?!

155

- Advertisement -

Бұл бір ойда жоқта болған жайт. Жаз айы басталып, ыстық белең ала бастаған тұс еді. Өзім тұратын көп қабатты үйдің жайы белгілі, күн ысыса қоса ысиды ғой. Қапырық ыстықтың алдын алу амалы – үйдегі ауабаптағышты (кондиционер) қосу ғана. Оның негізгі қондырғысы терезе сыртына қабырғаға жапсарластырыла орнатылатыны белгілі. Оныңды қысы-жазы күтімдеп жатқан да ешкім жоқ. Жалпы жағдайы қалай екен, көз қырын салайын деп терезеден еңкейіп қарап едім. О, ғажап, ауабаптағыш қондырғысының қуысына құс ұя салып кетіпті! Ұя салғаны былай тұрсын, бірер қызылшақа балапанның басы қылтиып көрінді. Енді қайтсем екен? Өзімнің жүрегім ауыратын еді. Жаз бойы үдей түсер ыстыққа шыдар ма екенмін?
Задында ырымшыл халықпыз ғой. Құс екеш құсқа да қиянат жасамайтынымыз бар. Ойлана келе ұяны бұзбауға ұйғардым. Балапандар түлеп ұшқанға дейін. Алайда көп өтпей аптап ыстық шыжғырып берді дейсің. Амал жоқ, ауабаптағышты іске қостым. Әлден уақытта терезе сыртынан балапандардың жанұшыра шырыл қаққаны естілді. Кондиционер құрылғысы қуысында ұя бары сонда ғана есіме түскені. Сәл кешіккенімде, қызылшақа немелер үйтіліп қалатын екен. Ауабаптағышты токтан ажыратуға мәжбүр болдым. Ендігі жерде олар қанаттанып, түлеп ұшқанша бетіне қарап отырудан басқа амал жоқ. Қапырық ыстыққа қанша жерден дімкәс болсам да шыдауым керек. Өзіме-өзім осылай серт бердім.
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort

Бір қызығы, ұябасарларының қашан, қалай қоректендіретінін бір көрмеппін. Жан баласына көрінбей келіп жемдеп кетеді-ау деймін, кішкентай қанаттылар күннен-күнге ширап, дін аман жетіліп келе жатты. Ал менің шілденің шіліңгір ыстығына етім де, жүрегім де үйренгендей. Бір жағынан тереземнің тұсынан таң сайын сайрауық құстар үнін еститін болдым. Бұл көңілімді едәуір серпілтіп те тастайды.
Айтпақшы, бірде (жаз ортасы болар) үй ауласы әрі-бері қайшыласа ұшқан кішкентай құстарға толды да кетті. Темірқанаттанып, балкон түбіндегі ұяларынан түлеп ұшқан балапандар екен, сөйтсем. Қамқорлығымның жемісі ғой бұл да. Оларға қимастықпен қарап, көзіме жас үйіріле берген. Тал арасынан көз жазбай бақылаумен тұрған ұябасарлары шықылық-шықылық етіп, балапандарының қанаттанып ұшқанына қуанатын секілді. Жан-жақтан жиналып келіп, тал жапырақтарына жапырлай қонған қараторғайлардың қарасы да қалың секілді. Құдды бір есігіміз алдында сайрауық құстардың салтанаты өтіп жатқандай. Әлде, олар өздеріне жасаған қамқорлығым үшін маған үрім-бұтағымен алғыс айтуға келді ме екен?
Бұл оларды соңғы рет көруім екен. Егіс алқаптарынан дән теріп жеуге, сулы, нулы өңірлерге ұшып кетті ме? Жылы ұяларыңа қайта келіп қонар ма екенсіңдер. Қараторғайларым, қайдасыңдар?!

Күләш ҚАРАКЕЕВА,
БАҚ саласының ардагері.

Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support