- Advertisement -

Мен сені мәңгілікке жырлап өтем

69

- Advertisement -

Туған жер, атамекен, байтақ далам,
Тұлғаң көп, еш осалдық байқатпаған.
Шет жүрсем мен өзіңді сағынамын,
Сені ойласам жаным да жәй таппаған.

Жайқалтып, жасыл бағын өсіргендей,
Мың көздер саған қарап тесілгендей.
Аққан су, көшкен бұлттар көз тартады,
Табиғат бәрін бізге көшіргендей.

Өзіңсіз мына дүние құрғақ екен,
Жан едім, сырға бекем, жырға бекем.
Туған жер, жүрегімнің дүрсілімен,
Мен сені мәңгілікке жырлап өтем!

Дайана МӘЛІК,
оқушы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support