- Advertisement -

500 балаға – 500 сыйлық

87

- Advertisement -

Еліміздің әр аймағында жаңа оқу жылына орай аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына түрлі көмектер ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен барлық өңірде «Жолың болсын, балақай!» қайырымдылық шаралары өткізіліп, сауапты іске кеңінен қолдау көрсетілуде.
Бұл игі істен біздің облыс имамдары, мешіттің белсенді жамағаттары шет қалған жоқ. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде «500 балаға – 500 сөмке» акциясы өткізілді. Қайырымдылық шарасына жиналғандар алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықаралық қатынастар және құжаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров сөз алып, бас мүфтидің қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл шараның маңызы зор екенін тілге тиек етті. Қайырымдылықтың, мейірімділіктің мәні жоғары ізгі амал екеніне тоқталды. Облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов мұқтаж жандарға қолұшын созудың шариғатта үлкен сауап саналатынын айтты.
şirinevler escort

beylikdüzü escort

şirinevler escort

şirinevler escort

beylikdüzü escort

esenyurt escort
Мұнан соң көмекті қажет ететін 500 балаға 500 сөмке тарату шарасы басталды. Бұл сауапты іске 1 миллион 500 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан келген өкілдің қолынан жаңа сөмкені сыйлыққа алған балалардың қуанышында шек болған жоқ. Олардың аналары Сәуле Жұмабаева, Ақмарал Аманбаева, Әсем Раджанның да жүзінен ризашылықты аңғардық.
– Біздің орталық мешітте жылда «Мектепке жол» акциясы өтіп жатады. Биыл да қайырымдылық шарасының жалғасын тапқанына қуаныштымыз. Мұндай қолдау көп балалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жандар үшін өте қажет. Бір сөмкенің бағасы онша қымбат болмауы мүмкін, бірақ балалар үшін ол өте үлкен қуаныш. Мен де осындай шараға қатысып, иманды жандардың қайырымдылық қарекетіне көңілім көтерілді. Алдағы уақытта да мұндай сауапты істердің жалғаса беретініне сенімдімін, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Гүлсара Сәлімбаева.
Сол күні орталық мешітте 50 баланы тегін сүндетке отырғызу шарасы да өтті. Оған облыс ауруханаларының білікті хирург-дәрігерлері атсалысты. Бұл шара да көмекке мұқтаж отбасылар үшін қолдау екені даусыз.

Тараз қаласы.

Есет Досалы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support