- Advertisement -

Аты-жөнімізді шатастыратын болдық

68

- Advertisement -

Егемендік алғалы бері мемлекетіміз аты-жөнімізді қазақыландырып жазуға көп көңіл бөле бастады. Осылайша Кеңес өкіметі кезіндегі «ов», «ова» мен «ев», «ева»-лардан біршама құтылдық.
Алайда «Таяқтың екі ұшы бар» демекші, бір тәсілден екіншісіне көшкен біздікі түрік халқыныкіндей болып шыға келді. Мәселен, Саят Мейірбек, Жібек Жақсылық секілді.
Екі есімді қатар айтқанда, қыз-келіншектердікін айыруға болар, алайда ер жігіттердің қайсысы тегі, қайсысы есімі екенін ажырату қиынға соға бастады. Мұны әсіресе мектеп оқушылары тақылдап айтқанда, әкесінің, ата-бабасының есімін құрдасы тәрізді атап өте шығатыны қынжылтады.
Мұндай шатасу болмас үшін түрікше емес, «Бауыржан Момышұлы» дегендей, қазақи түрде «ұлы», «қызы» деп қолдансақ. Әрине, «Бес саусақ бірдей емес». Ұсынысымды бірі құптар, енді бірі қолдамас. Бірақ мұнымның еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Есесіне қайсысы есім, қайсысы ататек екенін оңай ажырата алар едік.

Ердахмет ДОСТЕМЕСҰЛЫ,
зейнеткер.

Шығанақ ауылы,
Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support