- Advertisement -

Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштері құрамасын құттықтады

50

- Advertisement -

Қазақстан құрамасы халықаралық армия ойындарына қатысқан 39 команда ішінде 3-орынға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық армия ойындарында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан Қарулы күштерінің командасын құттықтады.

«Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!– деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

АрМИ-де қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Қазақстандықтарды Мәскеу облысының «Алабино» полигонында марапаттады. «Патриот» саябағында V халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық әскерилер жеке есепте бірнеше мәрте үздік нәтиже көрсетті. Отандық Су-25 экипажы «шабуыл авиациясы» номинациясында бірінші орынды иеленді. Жеке шеберлік сынағында қазақстандық әскери медицина қызметкерлеріне тең келетіндер болмады.

Ең қызықты байқаудың бірі — «Танк биатлонында» қазақстандық команда үздік үштік қатарында болды.

Мерейтойлық халықаралық армия ойындары 3-17 тамыз аралығында өтті. Жарыс Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерінің 25 әскери полигонында өтті.

sputniknews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support