- Advertisement -

Ауылдарды дамытудың 35 жобасы

24

- Advertisement -

Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Бақыт Алпысбайұлы ауданның 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Есепті кезеңде ауданның жалпы шығарылған өнімінің жалпы сомасы 30 миллиард 310,3 миллион теңгені құрап, жоспар 123,2 пайызға орындалған.
– Өткен 6 айда өнеркәсіп саласында 9 миллиард 936,1 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 7 миллиард 033,4 миллион теңге көлемінде болды. Атап өтерлік жайт, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында биыл жалпы сомасы 73 миллион 705 мың теңге бөлініп, 6 айда 49 миллион 267,3 мың теңге игерілді. Бұл қаражатқа 17 ауылдық округке 8 ауылішілік жолын, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңын салу, 2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын алаңын ашу, 1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Ауданда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыруға барлығы 726 миллион 870 мың теңге қаржы қарастырылды (республикалық бюджеттен 654 миллион 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 миллион 689 мың теңге). Оның ішінде: электрмен жабдықтау үшін 8 жобаға – 86 миллион 005 мың теңге, сумен жабдықтау жобасына – 14 миллион 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге, яғни 3 жобаға – 149 миллион 533 мың теңге, спорт саласындағы 2 жобаға – 175 миллион 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына қатысты 21 жобаға – 300 миллион 766 мың теңге бөлінді, – деді Бақыт Алпысбайұлы.
Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызға төмендеген. 6 айда кешенді жоспар бойынша 1 216 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 44 пайызға орындалған. Оның ішінде, 227 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданған және 22 адамға шағын несие берілсе, 376 адам тұрақты жұмысқа, 107 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 168 адам «Жастар тәжірибесіне», 193 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылыпты. Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында биыл аудан бойынша 1 054 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 840 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,7 пайызға орындалыпты.
Баспасөз мәслихатында аудан әкімі журналистердің сауалдарына да жауап берді.

 

Ерман Әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support