- Advertisement -

Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды

34

- Advertisement -


Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарасынан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз
мәліметтеріне қарағанда, акциздік
маркалары мен құжаттары жоқ темекі қораптары автокөлікті тексеру кезінде
қарбыздың астынан табылды.

«Жайсан» шекара
автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеру
жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде ондағы қарбыздың астынан акциздік
маркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды. Осы факт
бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес
Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді»,-делінген
хабарламада.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support