Ерен еңбегі уақытында еленсе

Мен профессор Сейтхан Жошыбаев басқаратын Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында биылғы сәуір айында емделіп, құлан-таза айығып шықтым. Клиниканың заманауи құрылғылармен жабдықталғанын, емделушілер үшін барлық жағдай жасалғанын, сапалы ем-дом алудың тамаша мүмкіндіктерін көрдім. Жүрегіме жақсы ота жасалғаннан кейін қазір аман-есен бала-шағамның ортасында отырмын.
Адам баласын өлімнен арашалап қалғаннан артық бақыт бар ма бұл жалғанда?! Жұдырықтай жүректің шипагері, профессор, еліміздің еңбек сіңірген дәрігері Сейтхан Жошыбаев жақында 80 жасқа толды. Бұл кісі – бүкіл еліміздің мақтанышы. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын деп өз еліне келген алтын қолды кардиохирург көптеген шәкірттер дайындады. Еліне аянбай қызмет етіп жүрген ағамыздың ерен еңбегін уақытында ескерейік! Жақсының жақсылығын айтайық, мерейі өссін. Сол үшін Секеңе Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілсе екен деймін. Мұны «осы заманның Өтейбойдағы» жүрегіне ота жасаған 5 мыңнан аса емделуші мен бүкіл жамбылдық қолдайтынына да шүбәм жоқ.

Қалдыбай БЛЕШБАЕВ,
зейнеткер.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

микро займ на карту