- Advertisement -

«Сонда не істеу керек?»

42

- Advertisement -

Бұл – өткен айдың 6 маусымында жақынымның басынан өткен оқиға. 75 жастағы Рыскүл Айтбайқызының айтуынша, сағат 14.30-дарда 6-мөлтек ауданына қарасты «Қазақтелекомның» бұрынғы мекемесінің арт жағынан Кондратьев көшесіне қарай бет алған. Біреу оң қолынан ұстағандай болыпты. Қарағаны сол екен, көзді ашып-жұмғанша шамамен 25-30 жастағы қазақ жігіті қолындағы алтын білезігі мен сырғасын жұлып әкетіпті. «Содан үйге келісімен 102 нөміріне қоңырау шалдым, тұтқаны ешкім алмады. Тағы да телефон соғып жатқанымда біреу жауап қатты. Барлық жағдайды баяндап бердім. Өзіне бәрін түртіп алған ол «күтіңіз, полиция барады» деді.
Бір сағаттай уақыт өткенде майор шеніндегі азамат келіп, мені қызметтік жеңіл көлігіне салып алып, бөлімшеге апарды.
– Апа, мына жігіт емес пе? – деп, бір жігітті көрсетті.
– Иә, дәл осы бала, – дедім.
Сөйтсем ол Б.Момышұлы мектебінің ауласында баласын ойнатып жүрген жас әйелдің мойнындағы алтын алқасын да ала қашқан екен. Әлгі келіншек те менің қасыма келіп отырды. Қарасам, мойны жарақаттанған, әшекейін жұлып алғанда қанталап қалыпты.
Содан не жібермей, не әшекейлерімді қайтармай сағат түнгі тоғыз жарымда әрең босатты. Ұрыны ұстауын ұстады, тіпті тез-ақ тапты. Ұзақ тергеп-тексерсе де бізді бірақ құр қол жіберді. Білезік пен сырғамды әлі қайтарған жоқ. Хабарлассам, «апарып беремізден» әрі аспайды.
Ұялы телефондарын ұрлатып, ақшасын алдырып алғандар бейнебақылау арқылы да тонаушының көлігін, түрін көрсетсек те, «әлі тапқан жоқ» дегеніне сенбеуші едім. Ал мына жағдайда ұры табылды, оны өзім көрдім. Бірақ мұның да пайдасы шамалы тәрізді. Сонда не істеу керек енді? Айтпақшы, әлгі келіншек те мен тәрізді күні бүгінге дейін үміттеніп, сарғайып жүрген шығар…» дейді қарт ана.

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support