- Advertisement -

…Пейілімді алма!

348

- Advertisement -

Осыдан 40-50 жыл бұрын адамдар арасында мейірімділік, адамгершілік, бір-біріне жанашырлық бар еді. Үлкен – кішіге қамқор, кіші үлкенді сыйлап тұратын. Үйдің төңірегі қоршалмайтын. Есікке құлып салынбайтын. Жалғыз қонақ келсе де қой сойылып, барлық ауылдас тегіс жиналып, арқа-жарқа болып жататын.
Ескілерден қалған «Малымды алсаң ал, пейілімді алма» деген сөз бар ғой. Ол кездері ақ сатылмайтын. Сұрағандарға айран-сүт, құрт пен қымыз да тегін берілетін. Бөтен адам кетіп бара жатса, дастарханынан дәм татқызып, шығарып салатын. Қазір осы қасиетіміз біртіндеп жойылып бара жатқандай.
Өткенде ақпарат құралдарынан соңғы алты айда өңіріміздегі жол-көлік оқиғалары санының артқанын құлағым шалды. Қазір көлігі сырылып кетсе де бірі екінші тараппен бұрынғыдай өзара кешірім сұрасып, тарқай салмай, жол-патрульдік полициясы қызметкерлерін әдейі шақыртып, хаттама толтыртатындар жиі кездеседі.
Біздің қазақылығымыз, кезінде тіпті өзге ұлт өкілдерін де бауырымызға тартып, бір нанды тең бөліскен дархандығымыз, жомарттығымыз, кеңпейілділігіміз қайда? Үлкенге құрмет, кішіге ізеттігіміз қайда? Қамшының сабындай бес күндік жалғанның дүниесі қолдың кіріндей ғана, бүгін бар, ертең жоқ.
Жақсының аты өлмейді десек, кім-кімнің де артында тек жақсы аты мен сыйластығы ғана қалатыны айдан анық. Сол үшін аталық ақылым – «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді», ең алдымен алғыс алуға тырыссақ, Тәңірім қалғанын өзі-ақ береді.

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
зейнеткер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support