- Advertisement -

«Жұрындысай» шатқалы шат тыққа толы

208

- Advertisement -

«Жұрындысай» жазғы демалыс-сауықтыру лагері тау шатқалында орналасқан. Тап іргесінде сарқырап ағып жатқан өзен де бар. Жасыл желегі жанға дауа. Осынау жұмақтай жасыл мүйісте демалу – әрбір баланың арманы. Шіліңгір шілде айының өзінде мұнда қоңырсалқын. Ерекшелігі де – осынысында.
«Ақ шатырлы ауыл» биылғы 3-маусымындағы жұмысын бастаған-ды. Жолдама құны 27864 теңгені құрайды. Он екі күндік әрбір кезеңі қызықтарға толы.
Аталмыш демалыс орнында биыл үш маусым бойы 300 ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің, көп балалы, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар балалары мен оқу озаттары демалыпты.
– Бұл мақсатқа аудандық бюджет есебінен 9 миллион 613 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ мектеп жанындағы алаңдарда 1620 қоғамның қолдауын күтетін отбасы балаларына тегін демалыс ұйымдастырылды. Бұл үшін де жергілікті бюджеттен жеткілікті деңгейде қаражат қарастырылған. Дегенмен биыл күннің күрт ысуына және бассейндік құрылғылардың жеткіліксіз болуына байланысты мұндай сауықтыру шаралары екі маусымдық қана мерзіммен шектелді. Аудан бойынша биыл 8299 оқушы мектеп жанындағы 33 лагерь – алаңда және «Жұрындысайда» демалыс-сауықтыру шараларына тартылып, жалпы қамту көрсеткіші 95 пайызды құрап отыр, – дейді аудан әкімдігі білім беру бөлімінің бас маманы Ләззат Әшірімбетова.
Жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету үшін аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында ағылшын тілі, робототехника, өнер мектебі мен ауылдардағы жалпы білім беру жүйелерінде ән-би, ағылшын тілі, көркемсурет, бокс, дойбы, шахмат үйірмелері тұрақты жұмыс істеген.
«Жұрындысайдағы» жазғы демалыс сонда барған жасөспірімнің де көңілінде жақсы әсерлер қалдырғаны анық. Мұнда оқушыларды демалыс-сауықтырумен қамтудың соңғы төртінші маусымы да басталып кетіпті. Қазіргі уақытта аталған қала сырты лагерінде жергілікті жерден – 45, Арыс қаласынан келген 50 бала демалуда. Жеткіншектердің суға шомылып, күнге қыздырынуы, шынығып шымыр бола түсуі үшін қажетті жағдайдың бәрі де жасалған. Суға шомылуға арналған бассейндер бар. Аға тәлімгер Әлия Байқұлованың ұйымдастыруымен спорттық, түрлі пәндік, танымдық жарыстар өткізіліп, демалушылар туған өлкеге саяхаттарға да жиі шығып тұрады екен. Әсіресе Екатерина Цой бастаған аспаздар дайындаған тағамдардың дәмі тіл үйіреді десе де болады. Қысқасы, лагерь директорының міндетін атқарушы Азамат Құрманбаевтың басшылық етуімен мұндағы оқушылардың жазғы демалысы ойдағыдай өтуде.
Таластық жеткіншектердің жазғы демалыстарында ауыз толтырып айтарлықтай пайдалы істермен айналысуы, қызықты оқиғаларды бастан өткеруі жаңа оқу жылын айрықша құлшыныспен бастауға жігерлендіріп те отыр.

 

Баймаханбет АХМЕТ

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support