- Advertisement -

Әлем елдері LRT құрылысына қанша қаржы жұмсаған? 

45

- Advertisement -

Нұр-Сұлтанда жерүсті метросын іске қосу үшін 1,5 миллиард доллар қаражат кетеді. Жеңіл рельсті көліктерге арналған эстакаданың ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Оның әр шақырымның құрылысына 68 млн доллар қаржы жұмсалмақ. Оңтайландырудан кейін жобаның жалпы құны 1,5 миллиард доллар болып бекітілді.

Дәл осындай соманы 2012 жылы Канаданың астанасы Оттава шығындаған еді, — деп хабарлайды «Хабар 24».  Алайда метроның ұзындығы біздегіге қарағанда екі есе қысқа, яғни 12,5 шақырым ғана. Канадалықтар 1 шақырым жолды салуға 120 млн доллар жұмсады.

Ал Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул үшін эстакаданың әр шақырымы 110 млн доллар тұрды. 2016 жылы 61 шақырымдық жерүсті метросын бастан аяқ салып шығу үшін мемлекет 6,7 миллиард доллар бағыттады.

Дегенмен осы аталғандардың арасында ең ауқымды бюджет Дубайға тиесілі. 2010 жылы ұзындығы 52 шақырым болатын жерүсті метросының құрылысына 7,8 миллиард доллар жұмсалды. Әр шақырымының құны 150 млн долларға бағаланды.

Жаңа метро желілері Өзбекстанның Сергелий және Юнусабад аудандарында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Оған 422,3 млн доллар қаржы қарастырылған.

LRT желілері барлық құрлықтағы 53 елде бар және оны 388 қалада жалпы есепте 45 млн жолаушы қолданады. LRT құрылысы алғаш рет 1950-70 жылдары қолға алынған. 2000-15 жылдары 70 жаңа жүйе ашылды. Ал 2016 жылы әлемнің 19 елінде 289 шақырым желі іске қосылды. Бұл қатарда Рио-де-Жанейро, Циндао, Быдгощ, Канзас-Сити, Сиэтл мен Вашингтон бар.

2000 жылдардың басында аталған жүйе Таяу Шығыс елдері мен Азия-Тынық мұхиты аймағында және Африка мен Латын Америкасы елдерінде пайда болды.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support