- Advertisement -

Аналармен әлеумет тік мәселелер төңірегінде әңгімелесті

30

- Advertisement -

Бүгінде көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселелері мемлекет тарапынан біртіндеп шешімін тауып келеді. Десе де тарқатылуын күткен күрмеулі түйіндер әлі жоқ емес. Кеше облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеровтің өңірдегі «Ақжүніс» аналар қоғамының бірқатар мүшелерімен кездесуінде осы тақырыптағы мәселелер сараланды.
Кездесуге келгендер атаулы әлеуметтік көмектің берілуі, «Бақытты отбасы» бағдарламасы, несие қарыздарын кешіру бастамалары төңірегіндегі өзекті сауалдарын жолдады. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібіндегі қажетті құжаттар тізіліміндегі өзгерістер, оның ішінде мекен-жай тіркеліміндегі алуандылық көпшілікті толғандырып отырғаны аңғарылды. Қойылған сауалдарға тиісті тұлғалар мен жауапты басшылар тарапынан заң аясында жан-жақты жауаптар берілді.
Нұржан Сәбитұлы аналар тарапынан ортаға салынған ой-ұсыныстарға құлақ түріп, бірқатар құжаттар төңірегінде түсінбеушіліктердің орын алып отырғанын жоққа шығармады. Ол бойынша Үкіметке ұсыныс-хат жолданатын болды. Сондай-ақ кездесуде көтерілген мәселелерге байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп, салдары мен себептері зерделеніп, қабылданатын шаралар назарда ұсталмақ.
«Ақжүністің» Жамбылдағы аналар тобының төрайымы Жанат Естаева аталмыш кездесуді өткізудегі негізгі мақсатының орындалғанын жеткізіп, көкейдегі көп сауалға нақты жауаптар алғанын, ол бойынша ұйымның өзге де мүшелеріне түсіндіру шараларын жүргізетінін жеткізді.
Айта кетер жайт, барын жасырып, атаулы көмекті алып қалуға дәмелі адамдар да жеткілікті. Көмекке шын мұқтаж жандардың жәрдеміне «табақтас» болуға тырыспау керектігі түсіндірілді. Көп балалы аналармен көктемгі кездесуде айтылған біраз мәселенің бүгінде шешімі табылғаны жасырын емес. Соның бірі – қаладағы жатақхана мәселесі. Қазір құрылысы басталған баспана арнайы комиссияның шешімімен барар жері, басар тауы жоқ жандарға үлестірілетін болады. Бұл бағыттағы қолдау болашақта да жалғаспақ.
Жиын соңын түйіндеген Нұржан Сәбитұлы жуырда ғана облыстың әр аудан, әр ауласын аралап шыққан аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған қосалқы шаруашылықты қолдау жобасына тоқталды. Дәл осы бастама көптің әл-ауқатын арттыратын баламасы жоқ бағдарлама екенін айтты. Өйткені тұрғындардың тек ай сайын берілетін 100 мың теңгемен шектелмей, өз шаруашылығын тіктеуге мүмкіндігі мол. Ал тірлігін тіктеуге тұсау болған қаржы мәселесін әкімдік өз мойнына алып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support