- Advertisement -

Қайта айналып келмейді

73

- Advertisement -

Елес боп қалды есімде,
Көктөбенің төсінде.
Қыдырып бірге жүрген кез,
Алматының кешінде.

Самалмен көңіл жарысып,
Арманмен ойлар қауышып.
Аспанға алып ұшқандай,
Айменен тіл табысып.

Көк көлдей тұнық көңілім,
Жан емес едім өңі мұң.
Жарасып-жайнап көрігім,
Бақытты еді өмірім.

Өмірімнің көктемі-ай,
Жылыстап жылдар өткені-ай.
Қайта айналып келмейді,
Сол сәт енді, әттең-ай.

Жәмилә Алдажарова.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support