- Advertisement -

Студент тер мен оқушылар тегін саяхат тайды

47

- Advertisement -

Өңіріміз тарихи-мәдени құндылықтарға өте бай екені белгілі. Көне жәдігерлер мен құрылыстардың маңыздылығын ескерсек, оны аралаушылар есебінен ішкі туризмді дамытуға болатыны да айтылып жүр. Осы ретте Жастар жылына орай облыс әкімдігі туризм басқармасының қолдауымен 2 туристік автобус бағыты ашылды. Бұл – бұрын-соңды қолға алынбаған тың жоба.
Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров сөз сөйлеп, Елбасы жариялаған Жастар жылының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол аталған автобус бағыттары жастарға, оның ішінде студенттер мен оқушыларға 5 ай бойы тегін қызмет көрсетілетінін айтып, сәттілік тіледі.
Бұл шарамен ең әуелі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары, көпбалалы отбасыдан шыққан және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қамтылады. Осы санатқа жататындар үшін республикалық тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру тегін. Ал Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына тарифке сәйкес республикалық тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру ақылы екенін ескерте кеткеніміз жөн.
Әр аптаның демалыс күндері өңірдің брендіне айналған тарихи-мәдени нысандарды аралау екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыт бойынша «Көне Тараз» музейі – Қарахан, Дәуітбек кесенелері, Ерте Ислам мешіті, Қали Жүніс моншасы, Төрткүл керуен сарайы, «Қазақ хандығына – 550 жыл» монументі, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелері аралығын жүріп өту қамтылған. Екінші бағыт аясында «Көне Тараз» музейі, Тектұрмас кесенесі, «Ақыртас сарай» кешені бойынша саяхаттауға мүмкіндік туып отыр.
Өткен аптаның демалыс күндері саяхаттың алғашқы сапары басталып кетті. Мұндай қолайлы жағдайдың жасалғанына көпшілік дән риза.
– Мен көпбалалы анамын. Балаларымыздың бірі – студент, кейінгілері мектеп, балабақша жасында. Сондықтан оның бәрін қыдырту отбасымыз үшін біраз қаражатты қажет ететіні рас. Енді міне, жасалып отырған осындай игі бастаманың арқасында өңірдің тарихи-мәдени жерлерін тегін аралап, тамашалауға мүмкіндік алдық. Осы бастаманы қолға алған жауапты азаматтарға алғысымызды айтамыз, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Айман Шыныбекова.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support