- Advertisement -

Мал азығы мол әзірленеді

52

- Advertisement -

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 4,6 миллион гектарды құрайды. Оның ішінде егістігі – 781,8 мың, суармалысы – 182,4 мың, көпжылдық екпелер – 3,9 мың, шабындық – 123,5 мың, жайылымдық – 3,5 миллион, басқа санаттағылары 139, 2 мың гектар. Осы жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 674 мың гектарға орналастыру арқылы жалпы көлемін өткен жылдағыдан 5,5 мың гектарға арттыру көзделген екен. Аудандар берген мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 670,5 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде бүгінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 347,4 мың, майлы дақылдар – 61 мың, қант қызылшасы – 5,7 мың, картоп – 9,1 мың, көкөніс-бақша дақылдары – 46,8 мың, мал азығы дақылдары 200,6 мың гектар алқапта өсірілуде. Сонымен қатар шаруалар 2020 жылдың өнімі үшін 98,1 мың гектар сүр көтеруді жоспарласа,оның орындалуы 93,4 мың гектар көлемінде, яғни 95,2 пайызды құрап отыр екен.
2019-2020 жылдардағы мал қыстату науқанына жемшөп дайындау үшін 319,4 мың гектар жердің шөбі шабылуға тиіс. Бүгінгі күні оның орылғаны 188,7 мың гектарды құрап отыр. Яғни жалпы жоспар 52,6 пайызға орындалған. Облыс бойынша 1592,5 мың тонна пішен дайындау жоспарланса, нақты дайындалғаны 800,8 мың тонна. Яғни жоспардың 50,3 пайызы, 50 мың тонна пішендеменің 23,6 мың тоннасы дайындалып,бұл тұрғыдағы көрсеткіш 47,2 пайызды құрап отыр. Дәнді дақылдар орылып, дән бастырылуда. Орташа гектар түсімі 17,9 центнерден айналуда.
Биыл көктемгі дала жұмыстарына барлығы 8,7 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникалары қатысқан. Ағымдағы жылдың өнімі үшін егілетін жаздық масақты дәнді, қант қызылшасы, майлы дақылдар, картоп дақылы және мал азығы дақылдарының қажетті тұқым көлемі 100 пайызға дайындалған екен. Сондай-ақ егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, оған ауыл шаруашылығы алқаптарына жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыш пайдалану, сөйтіп, жалпы егістік алқаптың 22 пайызын қамту жоспарланған. 1 шілдедегі мәліметке сәйкес ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 10950,3 тонна минералды тыңайтқыш алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына 48,8 пайыз көлемінде енгізілген.
Көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілді дизель отыны бөлініп, бүгінгі күнге белгіленген операторлар тарапынан 13,8 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы құрылымдарына 11,6 мың тоннасы таратылған. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ «Кең дала» бағдарламасы аясында 43 ауыл шаруашылығы құрылымынан 326,1 миллион теңгеге өтінім түсіп, оның 40-ына 219,1 миллион теңге қаражат беріліп, барлығы 107 миллион теңгені құрайтын 3 шаруашылықтың өтінімдері қаралып жатыр екен. Ал облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 10 миллион теңгеге қаржыландырылған.

Ерман Әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support