- Advertisement -

Жастар тәжірибесімен 1624 түлекке жолдама берілді

31

- Advertisement -

Бүгінге дейін өңірімізде 16913 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Ваканттық, әлеуметтік қызметпен қатар, жұмыссыз жүрген 3806 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген екен. Ал 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқып үйреніп, 193-і шағын несие, 36-сы грантқа ие болған. Сонымен қатар 2416 жұмыс істеуге ниетті қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылып, 1624 түлек Жастар тәжірибесі бойынша жолдама алған.
Бұл деректер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетовтің сөзіне сүйенсек, бірінші жартыжылдықтың өзінде бірқатар бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылған. Бұл саланың негізгі бағыттарының бірі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру екені белгілі. Сондықтан «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл барлығы 11,1 миллиард теңге қаражат қарастырылыпты. Оның 6,9 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 4,2 миллиарды жергілікті бюджеттен бөлінген.
– «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған. 1 шілдеге дейін солтүстік өңірлерге 97 отбасы, 294 адам қоныс аударды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірімізде еңбек нарығындағы тұрақтылық сақталып отыр.
Биыл 1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беріле бастағаны мәлім. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде мұқтаж 29650 отбасы (150453 адам) бары анықталып, оған 16,3 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Ал шілде айынан бастап осы көмек түрімен тағы 32065 отбасындағы 162334 адам қамтылды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Бидайбекұлы.
Спикердің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде (шартты ақшалай көмек) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлесі 16,3 пайызды құраған.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қашанда мемлекет назарынан тыс қалған емес. Өңірімізде 45326 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 4164-і бірінші, 18535-і екінші, 16342-сі үшінші топтағылар. Ал 18 жасқа дейінгілері – 6285. Осы азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 миллион теңге қаржы бөлінген.
Баспасөз мәслихатында спикер журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support