- Advertisement -

Несиеге сиыр алып, қарызды сүтімен өтеуге болады

25

- Advertisement -

Парламент Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев пен Әбдіманап Бектұрғанов өңірімізге жұмыс сапары барысында Президент жүктеген 10 міндет бойынша халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Халық қалаулылары ең алдымен тәулігіне 80 тонна сүт өнімдерін өндіруге қауқарлы «Көкжиек» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорын жұмысымен танысты. Облыс орталығындағы серіктестіктің сүт өңдейтін және толығымен автоматтандырылған цифрлы басқару жүйесі енгізілген аталмыш зауыты былтыр іске қосылған болатын. Негізінен сүт өнімдерін өндірумен айналысатын өндіріс орнының осылайша ауқымы ұлғайтылып, қайта жаңғыртылудан өтті. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында Италиядан жеткізілген соңғы үлгідегі технологиялармен жарақтандырылды. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 1,6 миллиард теңгені құрайды. Зауытқа қажетті шикізат Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Қордай, Меркі аудандарынан және Түркістан облысынан жеткізілуде.

Ерман әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support