- Advertisement -

Партиялық билет тер табысталды

58

- Advertisement -

Түрлі салада қызмет етіп, біліктілігімен көзге түскен азаматтар елдік мүдде жолында жұмыла жұмыс істеу үшін бірігіп, қызмет етуде. Бұл ретте көпшілікті ортақ іске жұмылдырып отырған «Nur Otan» партиясы қоғамның ашық диалог алаңына айналған деуге болады. Бүгінде партия құрамы күшейіп, күннен-күнге қатары толығып отырғаны – соның бір көрінісі.
Партия қатарына өтуге өтініш білдірген жамбылдықтарға ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесінде партиялық билеттері салтанатты түрде табысталды. Көпшілігі партиялық билетті елорда күнімен тұспа-тұс алып отырғанына қуанышты. Олардың қатарында «АгроПродХлебСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жақсыбек Қасымбеков те бар. Ол осы қадам арқылы елге жақындай түскенін, ал бұл үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.
Жиында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов көпшілікті мерекемен құттықтады. Сондай-ақ мемлекет тарихындағы маңызды саяси науқан Президент сайлауы кезінде белсенділік танытқан азаматтарға Мемлекет басшысының арнайы Алғыс хаттары тапсырылды. Бұл – қауырт кезеңде елдегі тұрақтылық пен сабақтастық жолында қалтқысыз қызмет еткен азаматтардың еңбегіне берілген баға.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support