- Advertisement -

Талапты балалар жазғы демалысты «Балдәуренде» өткізеді

65

- Advertisement -

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісін көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген. Соның бірі – таяу жылдардағы міндеттер бөліміндегі «Туған жер» бағдарламасы.

Жалпы, бұл бағдарламаның мәні – ұрпақ сабақтастығының нәзік тінін жалғайтындығында. Бұл жоба  жастардың қалыптасуына ықпал ететін тараптар – отбасы, мектеп, қоршаған орта, қоғамның ортақ жауапкершілігін бір өзі көтеріп тұр. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Осы арқылы мектеп оқушыларының бойында патриотизмнің ең жақсы үлгісі қалыптасады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасы «Туған жер» жобасы шеңберінде биыл арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Онда мектеп оқушыларының өлке тарихы мен мәдениетіне деген қызуғышылықтарын арттырып, мәдени-тарихи ескерткіштерді біліп өсуге жасөспірімдерді көптеп тарту көзделген. Жалпы 940 іс-шара өткізіліп, оған 264666 адам қамтылған.
– Басқарманың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ogy, tap», «BILIM анимация», «BILIM FM мектеп радиосы», «Bestвидео Туған Өлке» онлайн байқаулары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Өз жеріңді танып, біл» жобасы аясында туристік экскурсиялар, интерактивті жарыстар, онлайн-сабақтар өткізілгенін де айта кеткеніміз жөн.  «Ogy, tap» онлайн байқауында оқушыларды кітап оқуға тартудың инновациялық әдістері мен тәсілдері қолданылды. Байқауға биыл 2000-нан аса оқушы қатысты. Жеңімпаз атанған 7 оқушыға «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова.
Іс-шаралар жоспарындағы «BILIM анимация» жобасы да көздеген мақсатынан шықты деуге болатындай. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері ұсынылған бағыттар бойынша тақырып таңдап, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде анимациялық фильм әзірлеп, басқарманың  әлеуметтік парақшаларына жариялаған. Бейнероликтер электронды дауыс беру арқылы бағаланып, сол арқылы жеңімпаздар анықталған екен.  Бұл білім бәсекесінде биыл 473 бала өз бақтарын сынап көрген. Бірақ  байқаудың бағалау кезеңі сырттай өткізілген.
Сонымен қатар білім алушыларды қызықтырып, серпіліс сыйлаған тағы бір жоба ол – «BILIM FM мектеп радиосы». 940 оқушы қатысқан жарыстың облыстық кезеңінде   6 жеңімпаз анықталған екен. Сондай-ақ жасөспірімдерді өңір тарихын зерделеуге тарту, тарихи-мәдени объектілер туралы бейнероликтер түсіру мақсатында  #Bestвидео«Туған Өлке» жобасы жүзеге асырылған. Сөйтіп, саланың әлеуметтік парақшаларына мектеп оқушылары түсірген, іріктелген 50 видео орналастырылған.
Осы аталған жоба жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін қазылар алқасы марапаттап, дипломдар мен Алғыс хаттар, сертификаттар табыс етті. Жеңімпаз атанған барлық оқушыларға «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді. Өз білімдерінің арқасында жеңімпаз атанған жас өрендерді облыстық білім басқармасы демалыс орнына арнайы шығарып салды.

 

Камила БОРАШОВА 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support