- Advertisement -

Жамбылдықтар тағы 21 тонна азық-түлік жіберді

30

- Advertisement -

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары қыза түсті. Әр өңірге белгіленген аумақ бөлінген. Сол секторда алғашқылардың бірі болып құрылысты бастаған жамбылдықтар құрылысты неғұрлым сапалы жүргізіп, ерте аяқтауға күш салуда. Алдымен 11 көшедегі 312 жеке тұрғын үйді, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысанды толықтай зерделеуден өткізіп, жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілерін толтырды. Мамандардың айтуынша, жарылыс салдарынан қираған 3 үйдің екеуі қайта салуды, біреуі толық жаңғыртуды қажет етеді екен. Қалған 309 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Уақытпен санаспай еңбек етіп жатқан жамбылдықтар 6 шілдеге дейін 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерді. Қазіргі кезде 250 құрылысшы 71 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Ал дүйсенбі күні Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиядан жұмысшыларға азық-түлік, Арыстағы ағайындар үшін 16 тоннадан астам ұн жіберілді. Арыс қаласына жөнелтілген қап-қап картоп, қант, қырыққабат, пияз, сәбіз, күріш, макарон өнімдері мен сұйық май, шұжық, алма секілді күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін сатып алуға жекелеген демеушілер көмектескенін айта кеткен жөн.
– Біздің штабқа тиесілі аумақта 300-ден аса жеке тұрғын үй бар. Сол үйдің егелеріне және құрылысшыларға өңіріміздегі кәсіпкерлер мен өзге де демеушілерден жиналып, 21 тонна азық-түлік жіберіліп отыр. Оның 16 500 тоннасы – ұн. Бұл өнімдер күнделікті тұтынылатындықтан, 250 құрылысшыға 1 аптаға ғана жетуі мүмкін. Сондықтан құрылысшыларды және штабқа тиесілі тұрғын үйдің иелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін әлі назарда ұстаймыз. Бұл әулиеаталықтардың арыстықтарға жіберген көмегінің үшінші кезеңі. Оның бірінші кезеңінде кілең азық-түлік жөнелтілген. Екінші жолы құрылыс заттарын апардық, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сартай.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support