- Advertisement -

Жүйелі жұмыс үлкен нәтижеге қол жеткізеді

26

- Advertisement -

Төртінші бағыт.

Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл – стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі
сөйлеген сөзінен)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде билік өзінің халық алдында берген уәдесін орындауға міндетті екенін түсіндіре келіп, онда маңызды деп саналатын он бағытқа баса мән беретіндігін айтқан болатын. Соның бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту жайы. Президентіміз: «Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі – бұл стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен, келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», деп маңызды бағдардың мақсатын айқындап берді. Яғни Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылғандай, Президенттің бұл ісі халық табысының өсу басымдығымен үндесіп жатқандай. Ең бастысы, осыдан-ақ Мемлекет басшысының алға қойған бағдарының айқын, мақсатының берік екендігін танисың.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде бұрыннан жоспарлы жүргізіліп келеді. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биыл 11 миллиард теңге бөлінген. Оның 6,8 миллиарды республикалық бюджеттен, 4,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.
2019 жылдың 1 маусымына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 13625 адам тартылған. Атап айтсақ, лауазымдық бос жұмыс орындарына – 4582, әлеуметтік жұмыс орындарына 1264 жұмыссыз орналасқан. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 1808 жұмыссыз, Жастар тәжірибесімен 1495 жас маман мемлекеттік мекемелерге жолданса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3541 жұмыссыз тартылды. Ал 861 адам «Бастау-бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 74-і шағын несие алып, кәсібін бастап отыр.
Бағдарламаның 1-бағыты бойынша биыл 3883 адамды оқытуға 1655,5 миллион теңге бөлінді. Оның 770-і кәсіптік даярлауға, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 3113 адамды жіберу жоспарлануда. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында ұйымдастырылуда. Кәсіптік даярлау курстары 1 қыркүйектен басталады. Ал қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары 1 маусымнан басталып кетті.
Бағдарламаның 2-бағыты аясында 3484 адамды оқыту көзделген. Биыл «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланған. Жыл басынан 861 адам оқуға жолданып, 759 адам оқуын аяқтап, сертификатын алды. Ал бағдарламаның 3-бағыты бойынша 6647 адамды қамтуға 2516,8 миллион теңге бөлінді. Осы бағыт бойынша бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 233,8 миллион теңге қаралып, есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1264 адам жолданды.
Сөзімнің қорытындысында айтарым, Отанымыздың өркендеуі, дамуы жолында қабылданып жатқан бағдарламалар мен нақты жобалардың ел ертеңі үшін берері мол. Соған қарай еңбек нарығының икемділігін арттыру, жұмысшы күшінің сапасын, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да нақты іс-шаралар қарастырылып, өңірде жұмыссыздар санын азайтуға елеулі көңіл бөлінуде.

Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ,
облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support