Елорда әкімі құрылыс мерзімін бұзған басшыларды жауапқа тартты

Елорда әкімі құрылыс мерзімін бұзған басшыларды жауапқа тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елорда әкімі Алтай Күлгінов қалада салынып жатқан екі құрылыс нысанының мерзімін бұзған басшыларды жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Күлгінов өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін қала тұрғындары үшін Р.Қошқарбаев 80/2 және Іле 30/1 мекенжайы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарындағы құрылыс мерзімін бұзған екі басқарма басшысын әкімшілік жауапқа тарттым. Кемшіліктер орнына келтірілмеген жағдайда қатаң шаралар қолданамыз»,-деп жазды әкім.

kazinform.kz

Comments are closed.