- Advertisement -

Біздің веложол

56

- Advertisement -

Елордамыздың 20 жылдығы осыдан бір жыл бұрын бар сән-салтанатымен аталып өткені ел есінде. Қысқа мерзімде ел астанасының қалыптасуы мен қарышты дамуы әлем елдерін таңғалдырды. Бас қаламыздың мерейтойы тыңғылықты ұйымдастырылып, оған еліміздің әр өңірі өз үлестерін қосты. облыс әкімі А.Мырзахметов бас болып Жамбылдықтар да елордаға теңдессіз тарту жасап, веложол салып берген болатын.

Анығын айтқанда, облысымыз бас қаланың Есіл ауданы Достық көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралыққа 13 шақырым вело инфрақұрылымын салып берді. Қазіргі таңда аталмыш веложол Нұр Сұлтанның көркіне көрік қосып тұр. Қала тұрғындарының бірауық веложолмен серуендеуіне, саламатты өмір салтын ұстанғандарға қызмет етуде.
– Нұр-Сұлтан қаласы 21 жылдық тарихында әлемдегі атақты шаһарлармен салтанатын жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын бас қалаға айналды. Әлемдік аренадағы абыройы асқақтай түсті. Былтыр жас шаһардың 20 жылдық мерекесін ел болып атап өттік. Сол кезде ұйымдастырылған барлық шаралардың ортасында болдым. Мерейтойға орай бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның ішінде бізге ұнағаны – жамбылдықтар тарту еткен веложол. Қазір жұмыстан бос уақытта, кейде сенбі, жексенбі күндері кенже ұлым екеуміз веложолмен жүріп қайтамыз. Веложолдың қауіпсіздігі, стандарттарға сай жасалғандығына ризамыз. Әлі де «нұрсұлтандықтарға» қызмет ете беретініне сенімдімін. Бұл Ұлы Дала төсінде орналасқан еңселі елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына киелі Әулиеата топырағынан көрсетілген құрметтің бірі деп білемін, – дейді қала тұрғыны Мадина Гатауова.
Нұр-Сұлтан қаласының болашағы көбінесе ХХІ ғасырдағы халықаралық, экономикалық, геосаяси және басқа қатынастардың дамуына байланысты болары анық. Оны салдырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір ғана қазақ халқының емес, Ұлы Далада мекендейтін барша ұлт пен ұлыстың «Еуразиялық арманын» асқақтатып отыр. Бұл қала – барынша бауырына басып, татуластырып қана қоймай, оларды жаңа қауымдастық, жаңа өркениет құру жолында топтастырды. Елорданың өркендеуі – еліміздің өркендеуінің белгісі.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support