Аманжолов – Алматыда, Тұраров – Нұр-Сұлтанда жұдырықтасады

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешін «QAZAQ Promotions» компаниясы ұйымдастырып отыр. Шоудың басты жекпе-жегінде осы кезге дейін жеңілістің дәмін татып көрмеген отандасымыз Қанат Ислам WBO Inter-Сontinental белбеуі үшін доминикандық Хулио де Хесуспен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ осы бокс кешінде аса ауыр салмақта тараздық Нұрсұлтан Аманжолов рингке көтеріледі. Ол украиналық боксшыға қарсы амал-айласын көрсетіп бағады. Танымал бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шәкірті Нұрсұлтанға Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында жеңіске жетеді деп сенім артамыз.
Тағы бір жерлесіміз Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» мұз сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешінде аргентиналық Мауро Максимилиано Годоймен WBO Inter-Сontinental белбеуін сарапқа салады. Жерлестерімізге сәттілік жолдас болғай!

Comments are closed.