- Advertisement -

Сезімнің суретшісі

51

- Advertisement -

Мария Макарова Тараздықтарға жауһар жырларын ұсынды

Мария Макарова – сыршыл өлеңдерімен тыңдарманынан бағасын алып үлгерген ақын. Оның өрелі өлеңдері жамбылдық жұртшылыққа да таныс. Көпшіліктің сүйікті ақынына айнала бастаған М.Макарова облыстық қазақ драма театрында шығармашылық кешін өткізді. Ақынның кешін облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова көпшілікпен бірге тамашалады.
Әуелі облыстық орыс драма театры директорының орынбасары Валерия Сон сөз сөйлеп, Мария Макарованың жырларының қуаттылығына тоқталды. Ол Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігі ақын қызды қолдап отырғанын жеткізді. Мария сондай-ақ елшіліктің назарындағы «Прова я любовь» қайырымдылық қорынан да қолдау тауып отыр. Аталған қайырымдылық қорының қолдауымен бірнеше өнерлі бала іріктеліп, сахна өнеріне дайындалған. Бұл игі істен Мария Макарова да шет қалмай, себепкер болған. Қолынан келген көмегін көрсеткен. Сол талапты балалар «Дым білмес және оның достары» деген балаларға арналған қызықты қойылымды қойды. Қойылым залда отырған көрерменге, әсіресе балаларға ерекше ұнады. Өнерлі балалар өз рөлдерін барынша жақсы ойнай білді. Өнерпаз балаларға қойылым соңында құрмет көрсетіліп, сыйлық берілді.
Мұнан соң ақын Мария Макарованың шығармашылық кеші басталды. Ақын сахнаға шыққанда көпшілік ұзақ қол соғып, қолдау көрсетті. Марияның осы күнге дейін «Тора», «Коран» жыр кітаптары жарық көрген. Ол кеш барысында «Өмір», «Жыламашы», «Сақта Құдай», «Бақытты әйел», «Просто будеть» және басқа да сыршыл, ойлы өлеңдерін оқып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Ақынның сыршыл өлеңдеріне көпшілік ықыласпен қол соқты.
Ол сондай-ақ көпшілікке «Тора», «Коран» жыр кітаптарының қалай жазылғаны, қандай әсерден туғаны туралы кеңінен әңгімелеп, тыңдармандардың сұрағына жан-жақты жауап берді. Өзін құрметтеп келген көпшілікке шынайы көңілімен ризашылығын білдірді.
Шығармашылық кеш соңында жамбылдықтар ақын Мария Макароваға құрмет көрсетіп, сыйлықтар ұсынды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support