- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар жүктеді

29

- Advertisement -

Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына темір жол көлігі саласының қазіргі даму жағдайы және келешегі туралы ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.
Сауат Мыңбаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

* * *
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады. Мемлекет басшысына қазақстандық музыка өнерінің жағдайы, қазіргі кәсіби музыкалық білім беру саласындағы негізгі үдерістер және шығармашылық оқу ордаларын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.
Қазақстан Президенті кадрлардың әлеуетін жетілдіру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, заман талабына сай жабдықтау қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және сала министрлігіне бірқатар тапсырма берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support