- Advertisement -

Балауса ғалымдар ұсынған жаңа стартаптар іріктелді

52

- Advertisement -

Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылығы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Жастар жылына орай жас инноваторлар арасында startup жобалары байқауы өтті. «2019 – жастардың инновациялық әлеуеті» атауымен өткен жобалар байқауына қатысушылар өте көп.Бастамашыл жастар арасында осындай бәсеке өткізу арқылы ұйымдастырушылар бизнес-қоғамдастықтың әлеуметтік стартаптарын сараптамалық және қаржылық қолдау үшін орта құру, қатысушылар арасында өзара тәжірибе мен идеялар алмасатын, сүйемелдейтін коммуникациялық алаң қалыптастыруды мақсат тұтқаны анық. Сондай-ақ бұл қадам өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеуге жұмылдыра түседі.
Жас зерттеушілер тобында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, сонымен қатар 16 жастан 21 жасқа дейінгі орта арнаулы оқу орындарының, 18 жастан 29 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарының студенттері мен этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшылары бақ сынасты. Көпшілігінің ұсынған жобалары – әлеуметтік мәселелер, энергетика өнеркәсібі, жоғары технологиялар, ғылыми әзірлемелер, басқару және білім беру, өндіріс және технология, IT саласы және инфрақұрылым, өмір сапасын жақсарту, қоғамда табысқа жету, бәсекеге қабілеттілік және білім идеяларын насихаттау, ақпараттық ілгерілету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту идеялары.
– Байқау өте тартысты өтті. Жас ғалымдардың көптігі, олардың тапқырлығы, дұрыс ойлап, тың дүниелерді ұсынып жатқаны бізді расында қатты қуантты. Шынын айтқанда, біз олардың еңбектеріне қарай жүлделерін тағайындауда біраз қиындықтарға тап болдық. Себебі бірінен бірі өтіп тұр. Осы тұста әділ әрі шынайы шешім қабылдап, жүлделі деп танылған еңбектерді «Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу», «Өмір сүру сапасын жақсарту», «Ғылыми әзірлемелер» сынды үш топқа бөліп марапаттауды жөн көрдік. Сондай-ақ үздік жобалармен алдағы уақытта жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жастар жылына орай ұйымдастырылған бұл жоба жемісті болсын демекпін, – деді қазылар алқасының жетекшісі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, доцент, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Дина Күлбаева.
Жас ғалымдардың жүлдесін облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева табыстады. «Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу» бағыты бойынша бас жүлде Руслана Марденоваға бұйырды. Аталған бағыт бойынша Алуа Сүлейманова бірінші орынды, Кемран Ибрагимов екінші орынды, Сымбат Альчикенова және Ақдана Сағындықова үшінші орынды иеленді. «Өмір сүру сапасын жақсарту» бағытында Ромина Әйтікенова жеңімпаз деп танылса, Алина Уманец және Елена Цой бірінші орынды өзара бөлісіп, Дариға Қоңырова, Владимир Зарамба үздік үштіктің қатарынан көрінді. «Ғылыми әзірлемелер» бағытындағы бас жүлде Талғат Иманалиевке бұйырды. Бірінші орынды Нұржан Шақшабаев, екінші орынды Дәулет Егембердиев, үшінші орынды Ренат Равилов және Лунара Әнуарбекова еншіледі.

Назерке Оңғар,
облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметінің маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support