- Advertisement -

Қазақстандағы жол құрылысынан үш жылда 2.7 млрд теңге ұрланған

33

- Advertisement -

Биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.

Сурет : elorda.info21 Маусым 2019, 16:24

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекетті шығынға түсірген жүзге жуық дерек ашты. Жол құрылысынан жеген 55 азамат жауапқа тартылып, оның 24-і қазір сотталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Алматыжоллаборатория» директоры жол құрылысында пайдаланылатын материалдарды арзан түріне ауыстыруға келісім бергені үшін 2 млн теңге пара алып, енді оған 40 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Павлодаржоллаборатория» жетекшісі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы мен оның орынбасарының ісі сотқа берілді. Шенеуніктер мердігер ұйымдар өкілдерінен жүйелі түрде пара алып отырған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директорына да жүйелі түрде пара алған деген күдік түсті.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда шамамен 4 500 шақырым тас жолда жөндеу жүргізу жоспарланған.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support