- Advertisement -

Тоқаев: Елбасы — бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған ұлтының адал перзенті

29

- Advertisement -

Сонымен қатар, ол — жаһандық ауқымдағы мықты саясаткер және көрнекті реформатор ретінде адамзат тарихындағы ұлы тұлға.

Сурет : Ақорда21 Маусым 2019, 12:42

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференция барысында қазақстандықтардың жаңа сыни кезеңге дайын болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем тоқтаусыз даму жолында. Қазақстанды үлкен сынақтар күтіп тұр. Қазіргі халықаралық қатынастардың турбуленттілігі кезінде туған реформалар өспелі жаһандық бәсеке кезіндегі күрделі георграфиялық жағдайларда жүзеге асырылады. Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы ұлтты қатаң бәсекеге дайындап жатыр. 21 ғасырда оңайға соқпайтынын ескертемін. Біздің уақытымыздың парадигмасы осындай. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — бар ғұмырын өз халқына еңбек етуге арнаған ұлтының адал перзенті. Сонымен қатар, ол — жаһандық ауқымдағы мықты саясаткер және көрнекті реформатор ретінде адамзат тарихындағы ұлы тұлға», — деді ҚР Президенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support