- Advertisement -

Әлемнің үшінші «жүзмиллиардері» шықты

21

- Advertisement -

Франциялық бизнесмен, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арно әлем бойынша байлығы жүз миллиард доллардан асатын үшінші адам атанды, деп хабарлайды Life.

Америкалық басылым бизнесменнің байлығын 100,4 миллиард долларға бағалап отыр, бұл бүгінде Словакияның Ішкі жалпы өнімінен асады, немесе Франция ІЖӨ-нің 3%-ынан асады.

Бұған дейін «жүзмиллиардер» атағына Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс пен Amazon интернет компаниясының негізін қалаушы, The Washington Post баспа үйінің иесі Джефф Безос жеткен, біріншісінің байлығы 106, екіншісінің еншісінде 119 миллиард доллар болған.

Алайда Гейтс 35 миллиард доллардан астам ақшасын қайырымдылыққа жұмсап жіберсе, Безос биыл әйелімен ажырасып, ақшасы 40 миллиард долларға кеміп қалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support