- Advertisement -

ЖАС МАМАНДАР ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

37

- Advertisement -

Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, қызығушылықтарын арттыру, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, ұлттық ойындарымызды ұлықтау мақсатында Тараздағы №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасында спорттық жарыс өтті. Оған №1, №2, №5 бөбекжай-бақшаларының жас мамандары қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар ойын шарты бойынша алдымен өз топтарын таныстырып, асық ату, арқан тартыс, ханталапай, теңге алу сынды ұлттық ойындарымыздан өнер көрсетті. Жарыс барысында, сондай-ақ шапшаң мамандар анықталып, актерлік шеберліктері қоса сыналды.
Ал №14, №2 балабақшаның қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы тартысты әрі қызықты өткен сайыстың қорытындысын шығарып, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Адина ИСАТАЙ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support