Жаңатастағы жасөспірімдер аламаны

Жаңатас қаласының 50 жылдығына орай грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншілік аяқталды. Бұл додада Тараздағы №2 облыстық спорт мектебінде жаттығатын бірқатар жасөспірім жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, 36 келіде Мәрлен Мейірбекұлы, 39 келіде Арнат Қанатбек, 68 келіде Нұрәлі Нұрмахан қарсыластарының бәрін жеңіп, алтыннан алқа тағынды. Жасөспірімдердің бұл жеңісіне жаттықтырушы Теміржан Орынбаевтың үлкен үлесі бар.
– Грек-рим күресімен 5 жылдан бері шұғылданып жүрмін. Біздің спорт мектебінде барлық жағдай жасалған. Болашақта елімнің намысын қорғап, әлем, Олимпиада чемпионы болғым келеді, – дейді жарыс жеңімпазы Нұрәлі Нұрмахан.

Eset Dosaly.

Comments are closed.