- Advertisement -

Шомылу маусымында қауіпсіздікті күшейту қажет

34

- Advertisement -

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жазғы шомылу маусымының басталуына және өңірдегі су айдындарында балалардың қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынды департамент бастығының орынбасары Талғат Сабиров жүргізіп, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев мемлекеттік және өкілетті органдардың шомылу маусымындағы су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы негізгі хабарлама жасады. Жалпы, өңірде гидрографиялық тұрғыда 100-ден аса өзендер, оның ішінде – Шу, Талас, Аса өзендері және Ақкөл, Билікөл, Балқаш көлдерінде, сонымен қатар Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ, Ынталы, Қарақоңыз, Қақпатас ірі су қоймалары мен 112 тоғандағы жағдай баяндалды.
– Өткен жылы облыс аумағында жазғы шомылу маусымында арнайы жабдықталған Тараз қаласындағы «Зербұлақ», Қаратау қаласында «Жартас», Жаңатас қаласының қалалық жағажайы мен 50-ден аса жеке бассейндер жұмыс істеді. Дегенмен полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген рейдтік шараларға қарамастан, суға бату оқиғалары орын алғаны өкінішті. Соңғы үш жылға жүргізілген талдау көрсеткендей, су айдындарында 90 адам суға кетіп, қайтыс болды, оның ішінде 53-і – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Осы жылдары Жамбыл ауданында – 16, Тараз қаласында – 14, Мойынқұм ауданында – 10, Байзақ, Қордай және Шу аудандарының әрқайсысында 9 адамды құрап отыр, ал қалған аудандарда 3-7 адамға дейін қаза болды. Биыл 6 адамның суға кету оқиғасы орын алып, олардың барлығы да қаза болды. Оның 3-еуі балалар. Қайғылы жайттар негізінен балалардың ана-ана қарауынсыз қалуынан орын алды. Соңғы үш жыл ішінде 49 қараусыз бала суға батып қаза болған. Ал балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудан 16 адам, мас күйінде шомылудан 4 адам, рұқсат етілмеген орындарда шомылудан 14 адам қаза болды. Өкінішті. Осыған орай, су нысандарында жазғы шомылу маусымында тұрғандардың жаппай шомылатын орындарды белгілеу және онда қоғамдық құтқарушылардың кезекшілігін қарастыру үшін облыс әкімдігінің «Облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысының жобасы әзірленіп, облыстық «Аq jol» газетінде жарияланды. Қаулымен облыс аумағында жаппай шомылатын 15 орын белгіленді. Ендігі кезекте бұл орындарды суға батумен байланысты қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкес келтіру қажет. Атап өтетін жағдай өткен жылы шомылу маусымында полиция қызметкерлерімен бірлесе рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 364-бабы бойынша 28 адамға ескерту беріліп, 440-бабы бойынша 135 адамға 1 миллион 411 мың 735 теңге айыппұл салынды, – деді Талғат Нұрғалиұлы.
Ал зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев азаматтық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың жазғы шомылу кезеңінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша, атап айтқанда, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өзара іс-қимылы мәселелерін айтып өтті. Ал сүңгуір-іздестіру бөлімшесінің басшысы М.Нұржанов зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне тегін үйретілетін қоғамдық құтқарушылардың дайындығы, сүйрету және суға батушыны басып алудан босату тәсілдері туралы баяндады.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support