2025 жылға дейін электр энергиясы профициті болады — Энергетика министрлігі

2025 жылға дейін электр энергиясы профициті болады - Энергетика министрлігіНҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Соңғы 10 жылда электр энергиясын тұтыну көрсеткішінде елеулі өсім болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2008-ден 2018 жыл аралығы кезеңінде электр энергиясын толық тұтыну өсімі елімізде 28 пайызды немесе 22,6 млрд кВтсағ-ты құрады (2008 жылдағы 80,6 млрд кВтсағ-тан 2018 жылғы 103,2 млрд кВтсағ-қа дейін). Аталған кезеңде электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы экономиканың қарқынды өсімінің аясында орын алды», — деді министр.

Оның атап өтуінше, энергияны пайдалау қарқыны негізінен өнеркәсіптік өндірісті дамытуға байланысты. Бүгінде энергияны тұтынудың жалпы көлемінде оның үлесі 55 пайызды құрады.

Сонымен қатар Қ. Бозымбаев биылдың басында Энергетика министрлігі тарапынан 2019-2025 жылдарға арналған жеті жылдық болжам балансы бекітілгенін еске салды.

«Баланс мәліметтеріне сәйкес, ескі энергетикалық қуаттарды шығару мен жаңаларын іске қосуды ескере отырып, 2025 жылға дейін электр энергиясы мен қуатының профициті болатыны болжанып отыр. Болжамдық балансқа сүйенсек, 2025 жылы электр қуатын тұтыну 18 260 МВт деңгейінде ескерілген (2018 жылғы фактіге қарағанда өсім 3 566 МВт)», — деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, электр қуатына сұранысты қамтамасыз ету үшін болжамдық баланста қолданыстағы стансаларда 3 567 МВт көлемінде қосымша қуатты іске қосу ескерілген. Сонымен қатар, бұл бағытта жаңа стансаларды салу, оның ішіне 1 269 МВт қуатындағы жаңаратын энергия көздері нысандарының құрылысын іске асыру қарастырылып отыр.

 

kazinform.kz

 

Comments are closed.

микро займ на карту