Жекеменшік клиникаларда емделу үшін не істеу керек

Жекеменшік клиникаларда емделу үшін не істеу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмектің бірқатарын Қазақстан азаматтары тегін ала алады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енетін қызметтерді тіпті, жекеменшік клиникалар да тегін көрсетеді.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, соңғы жылдары тапсырысты орындайтын емдеу мекемелерінің арасында жекеменшік клиникалардың саны бірнеше есе артқан.

«Себебі, соңғы кезде мемлекет жеке клиникалардың да мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуіне барынша жағдай жасалып отыр. Атап айтқанда, үкіметтің арнайы қаулысымен жеке меншік саланың мемлекеттік емханалармен қатар тапсырыс алуына кедергі келтіріп отырған тосқауылдар алынып тасталды. Соның нәтижесінде медициналық бизнестің мемлекеттік тапсырысты орындауға деген құлшынысы артты. Мысалы, қазір Медициналық сақтандыру қорынан тапсырыс алатын 1408 емдеу мекемесінің 700-ден астамы — жекеменшік. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп», — дейді МСҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Алайда, жекеменшік клиникада тегін емделудің де өзіндік тәртібі бар. Ол үшін сіз сол клиникаға тіркелген болуыңыз керек. Ендеше, тіркелген азаматтар жекеменшік клиникадан қандай медициналық көмек түрлерін тегін ала алады? Олар мынандай:

— Салалық маманның қабылдауы және кеңесі;

— Көрсетілімдер бойынша емдеу, манипуляциялар мен процедуралар жасау;

— Дәрігердің жолдамасы бойынша күндізгі стационарда емделу;

— Көрсетілімдер бойынша, маманның жолдамасымен зертханалық-диагностикалық қызмет түрлері;

— Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік терапевт пен педиатрдың қабылдауы, консультациясы;

— Жүкті әйелдерді бақылау;

— Белгілі бір нысаналы топтарды профилактикалық мақсаттағы медициналық тексерулер (скрининг).

«Кей жағдайда жекеменшік клиникалар аталған көмекті толық көрсете алмауы мүмкін. Ол клиниканың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. Мұндай жағдайда олар аталған қызметті қосымша атқаратын медицина ұйымдарына жолдама беруі тиіс», — делінген баспасөз баянында.

«Маңызды бір мәселені есте сақтаған жөн. Аяқ-астынан денсаулығы нашарлап, созылмалы ауруы асқынған пациент өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл медициналық көмек кез-келген медицина мекемесінде, тіпі, жекеменшік клиникада да тегін, кешіктірілмей көрсетілуі тиіс», — деді Забира Оразалиева.

Жекеменшік клиникаларда емделу үшін не істеу керек
Жекеменшік клиникаларда емделу үшін не істеу керек

kazinform.kz

Comments are closed.

микро займ на карту