Әзербайжан саясаткері: Сайлау қорытындысы Қазақстанның саяси күн тәртібін айқындап береді

Әзербайжан саясаткері: Сайлау қорытындысы Қазақстанның саяси күн тәртібін айқындап бередіНҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы Қазақстанның алдағы бірнеше жылының саяси күнтәртібін айқындайтын болады. Мұндай пікірді елордада тілшілерге берген сұхбатында әзербайжандық саясаткер Фархад Мамедов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауға қатысқан кандидаттардың басым бөлігі сайлау сынына бірінші рет түсіп отыр. Бұл дегеніміз кандидаттардың электоралдық шама-шарқы тең болды дегенді білдіреді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жариялайтын сайлау қорытындысы — Қазақстанның алдағы бірнеше жылының саяси күн тәртібін айқындайтын болады», — деді шетелдік сарапшы.

Фархад Мамедовтың айтуына қарағанда, Қазақстан — аймақтағы маңызы мен салмағы зор мемлекеттердің бірі. Міне, сондықтан, осы елде өтіп жатқан кез келген процесс — қалай болса да көрші елдерге ықпал ететін болады.

«Сол себепті, Қазақстандағы сайлауалды кампанияға деген көптің назары ерекше болды. Қоғамға таныстырылған кандидаттардың  бағдарламасына да ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, шетелдік сарапшыларды кандидаттардың сыртқы саясат бойынша ұстанымдары қызықтырды деген ойдамын. Қоғам мұрагерлікке дауыс берді. Еxit poll нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне көптеп келуі халықтың кандидаттардың бағдарламасын ұғынғанын білдіреді. Тең жағдай жасалды», — деді саясаткер.

Фархад Мамедов өз сөзінде Орталық Азияда Қазақстан — даму локомотиві екенін тілге тиек етті.

«Қазақстан — тоғыз жолдың торабында тұрған мемлекет. Дәл осы жерде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың бастамалары түйісіп тұр. Сол себепті, әлемдік қауымдастықтардың назарының Қазақстанға ауып тұрғанының өзіндік мәні бар. Әлбетте, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалар ең бірінші кезекте Қазақстан халқы үшін жасалып жатыр. Көрші елдерге де әсері мол. Сол себепті, Қазақстандағы билік транзитінің Орталық Азия елдеріне ықпал етуі — заңды», — деді ол.

Еске сала кетсек, Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген еді.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауы өтті. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болды.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

микро займ на карту